Францияда мұсылмандарға қарулы шабуыл жасалды

Францияның Авигнон қаласында бір мешіттің алдында жасалған қарулы шабуылда 8 адам жарақат алды.

763373
Францияда мұсылмандарға қарулы шабуыл жасалды

"Grange d'Orel" аумағындағы "Рақымшылық" атты мешіттің алдында жергілікті уақытпен қарулы шабуыл жасалды.

Жергілікті «La Provence» газетінің хабарына қарағанда мешіт пен бір кафе арасындағы алаңда жасалған шабуылды бір өліктен түскен екі адам жасады.

Газет қарулы екі адамның көліктен түсе салып, айналаға оқ жаудырғанын атап, шабуылдың мешіттегі жамағат намаз оқып шыққан кезде жасалғанына назар аударған.

Маска киген шабуылдаушылардың оқпен шабуылы нәтижесінде 4 адамның жарақат алғаны жарияланды.

Оқиға орнына 50 метр қашықтықтағы көпқабатты бір үйдің екінші қабатына да шабуылдаған қарулы адамдар сол жердегі 4 адамды да жаралады.

Шабуылшылардың ұсталуы үшін полиция ауқымды  операция бастады, оқиғаның жастар арасындағы бір қақтығыс болуы мүмкін екені алға тартылуда.



Ұқсас жаңалықтар