Араб елдері Бахрейде ортақ әскери база құруға дайындалады

Катарға эмбарго қойған 4 елдің Бахрейнде әскери бір база құруға дайындалғаны алға тартылды.

762042
Араб елдері Бахрейде ортақ әскери база құруға дайындалады

Мысыр мемлекетінің Әл-Эхрам-Араби журналының интернет парақшасында орын алған бір жаңалықта Катардың Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Мысырдың сұранысымен 72 сағаттың ішінде орындалмаған жағдайда 4 елдің кейбір шаралар қабылдайтыны атап көрсетілді.

«Жоғары деңгейлі араб ақпарат көздеріне» сілтеген хабарда экономикалық эмбаргоны кеңейту, Катардың Шығанақ Ынтымақтастық Кеңесі мүшелігі мен эмбарго қойған елдердегі байлықтарын кепілдікке алудың аталмыш шаралар арасында екені атап көрсетілді.

Бұл аяда Бахрейнде әскери база құру жоспарының да Мысырдың тұңғыш рет Шығанақ аймағында әскери болмысы екеніне назар аударылды.

Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Йемен, Мысыр және Бахрейн 5 маусым күні жасаған мәлімдемемен Катармен барлық дипломатиялық ынтымақтастығын үзгенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар