Нигерияда 7 бөлек террор шабуылы

Жанкешті шабуылдарда 7 адам қаза тапты.

760140
Нигерияда 7 бөлек террор шабуылы

Нигерияның солтүстік шығысындағы Майдугури қаласында 7 бөлек бомбалы шабуыл бірдей уақытта жасалды. 

Нигерия полициясы атынан мәлімдеме жасаған полиция лауазымдысы Дамайн Чукву шабуылдар да 7 адам қаза тауып, кем дегенде 12 адамның жарақат алғанын білдірді.

Шабуылдың Боко Харам ұйымы тарапынан жасалғаны болжалады.

Нигерияда 2000 жылдарынан бастап ортаға шыққан Боко Харам ұйымы басшысы Мұхаммед Юсуфтың қамауда дүниеге көз жұмуының артынан 2009 жылдан бастап қақтығыс пен террор оқиғалары асқынды.

Ұйымның шабуылдары мен қақтығыстар себепті жүз мыңдаған адам қоныс аударды.



Ұқсас жаңалықтар