Катар дағдарысы АҚШ Сенатының күн тәртібіне келді

Катар мен кейбір Араб елдері арасындағы дағдарысы себепті АҚШ Сенаты Сыртқы істер министріне хат жолдады.

760013
Катар дағдарысы АҚШ Сенатының күн тәртібіне келді

Катардың кейбір Араб елдерімен дағдарысы АҚШ Сенатының күн тәртібіне келді.

Дағдарыс себепті АҚШ Сенаты Сыртқы істер министрі Рекс Тиллерсонға хат жолдады.

Аталмыш хатта Катармен дағдарыс шешілгенше Шығанақ ынтымақтастық кеңесіне мүше елдерге қар саудасына рұқсат берілмейтіні білдірілді.

АҚШ Сенаты Сыртқы қатынастар комитеті төрағасы Боб Коркер сыртқы істер министрі Рекс Тиллерсонға жазған хатында Шығанақ ынтымақтастық кеңесі мүше елдеріне әскери құрал-жабдық саудасына рұқсат бермей тұрғанда қазіргі дағдарысты шешу тақырыбында одан жақсы бір түсінікке ие болу керектігін атап айтты.

Қару саудасының тоқтатылуы АҚШ президенті Дональд Трамптың Сауд Арабиясы сапарында Эр-Рияд әкімшілігімен 110 миллиард долларлық қару саудасы келісіміне ықпал етуі мүмкін.

АҚШ-та қару саудасы Қорғаныс және сыртқы істер министрліктерінің бекітуімен Конгреске ұсынылады.

Алдын ала тексеру кезеңінде Конгрестің Өкілдер Мәжілісі және Сенат Сыртқы қатынастар комитетінің төраға мен мәртебелі мүшелерінің наразылығы болмаған жағдайда сауда шешімі Конгресте «бекітілді» деп есептеледі.



Ұқсас жаңалықтар