Ибрахим Калын мәлімдеме жасады

Шығанақ аймағындағы төрт ел талаптарын Катарға бір хат арқылы жеткізеді.

758195
Ибрахим Калын мәлімдеме жасады

Президенттік аппаратының баспасөз хатшысы Ибраихим Калын Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр және Бахрейннің Катарға  бір ұсыныс хат дайындағанын айтты.

Калын күн тәртіпке байланысты жасаған мәлімдемесінде «Катар тарапына Кувейт арқылы бір ұсыныс хат жеткізіледі. Хатта нақтылы талаптар мен істелуге тиісті жұмыстар орын алады. Негізінен Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Мысыр сынды төр ел өз талаптарын жеткізіледі. Алла бұйырса алдымыздағы бірнеше күні ішінде  ұсыныс хат Катарға беріледі. Алайда біз қадағалап отырамыз» деді.

Түркияның Катарда құрылатын әскери базамен байланысты да мағлұмат берген Ибрахим Калын «Бұны Бас штаб басқармасы ұйымдастырады. Жоспар аясында жүзге асырылады. Осы базаның мақсаты әрқандай бір үшінші елге қарсы қауіп төндіру емес. Біз Шығанақ аймағының қауіпсіздігі үшін осыны жасаудамыз» деген сөздер қолданды

Калын Сириядағы қауіпсіздік аймақтарды және Астанадан Женеваға жалғасқан жаңалықтарды да түсіндірді.

Калын «Қауіпсіз аймақтармен байланысты Түркия, Ресей және Иран арасында бір механизм құрылды. Шілде айындағы Астана жиналысына дейін нақтылы нәтиже шығуын күтудеміз»деді.

 



Ұқсас жаңалықтар