Гуманитарлық жәрдем көліктеріне бомбалы шабуыл

Сауд Арабиясындағы "Король Салман" атындағы гуманитарлық жәрдем жұмыстар орталығының Йеменге жіберген жәрдем көліктеріне шабуыл жасалды.

753758
Гуманитарлық жәрдем көліктеріне бомбалы шабуыл

Сауд Арабиясындағы Король Салман жәрдем және гуманитарлық жұмыстар орталығының Йеменге жіберген 3 гуманитарлық жәрдем көлігіне бомбалы шабуыл жасалды.

Йемен хабар агенттігі «SABA»-ға қарағанда орталыққа тиесілі гуманитарлық жәрдем материалдарын тасымалдаған 3 жүк көлігі Мариб пен Санаға қарасты Нихм ауданын бір-бірімен байланыстырған жолдағы жүк көлігі қоймасында жүгін түсіру үшін тоқтаған кезде шабуыл жасалды.

Қоймаға тасталған бомбаның жарылуы салдарынан өртенген жүк көліктеріндегі азық-түлік және жәрдем материалдарына толығымен зиян келді.

Орталық жасаған мәлімдемеге қарағанда мұндай шабуылдардың Йемен халқына бағытталған гуманитарлық жәрдемдерді тоқтата алмайтыны атап көрсетілді.

Жылдардан бері саяси тұрақсыздық бар Йеменде хоуситтер және оларды қолдаған бұрынғы президент Али Абдуллах Салих жақтаушылары мен заңды үкімет күштері арасындағы қақтығыстар ел көлемінде әртүрлі аймақтарда жалғасуда. БҰҰ мағлұматтарына қарағанда Йемен тұрғындарының үштен екі бөлігін құраған 18 миллион адам гуманитарлық жәрдемге мұқтаж.



Ұқсас жаңалықтар