Лондондағы өртте қаза тапқандар саны 17-ге өсті

Ұлыбритания премьер-министрі Тезеза Мэй оқиға орнына келіп лауазымдылардан мағлұмат алды.

752142
Лондондағы өртте қаза тапқандар саны 17-ге өсті

Ұлыбританияның Лондон қаласындағы көп қабатты үй өртінде қаза тапқандар саны 17-ге өсті.

Өртенген ғимаратта зерттеу жүргізген топтар оқиғаның террор шабуылы емес екенін білдірді.

Жарақат алған 37 адамның емдері жалғасуда. Жаралылардың 17-сі ауыр күйде.

Ұлыбритания премьер-министрі Тезеза Мэй оқиға орнына келіп лауазымдылардан мағлұмат алды. Мэй өрттің егжей-тегжейлі зерттелетініне назар аударды.

Алдынғы күні түнде шыққан өрт кезінде 120 жанұя орналасқан көпқабатты тұрғын үйде 600 адамның өмір сүргені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар