АҚШ пен Катар бірігіп, әскери жаттығу өткізеді

Бұл туралы Катар Қорғаныс министрлігі хабарлады.

753103
АҚШ пен Катар бірігіп, әскери жаттығу өткізеді

Америка Құрама Штаттары мен Катар ортақ әскери жаттығу өткізеді.

Катар Қорғаныс министрлігінің хабарламасына қарағанда,  Катар Әмірлік теңіз күштерімен ортақ жаттығуға қатысу үшін АҚШ-тың екі кемесі Катардың Хамад Халықаралық портына келіп жетті.

Жаттығудың басталатын күні мен ерекшеліктері жөнінде мәлімет берілмеді.

Аталмы жаттығу Катар мен кейбір араб елдері арасында он күн бұрын басталған дағдарыстан бергі бірінші ортақ жаттығу болмақ.

Сауд Арабиясы,  Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Мысыр және Йемен 5 маусым күні Катарды терроризмге қолдау берді деп айыптап,  барлық дипломатиялық байланыстарын үзгенін жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар