Мюнхен метросында қарулы шабуыл

Шабуыл кезінде шабуылдаушыға қоса 1 полиция және кейбір азаматтар жарақат алды.

751678
Мюнхен метросында қарулы шабуыл

Германияның Мюнхен қаласындағы бір метро станциясында жасалған қарулы шабуылда көптеген адам жарақат алды.

Мюнхен полициясы оқиғаның лаңкестік байланысы жоқ екенін жариялады.

Мюнхен полициясының мәлімдемесіне қарағанда оқиға бір метро станциясында әдеттегідей бір бақылау кезінде болды.

Күдікті бір адам полиция қызметкерінің тапаншасын тартып алып, айналасына оқ жаудырды.

Оқиғада қаруы алынған полиция қызметкері мен шабуылдаушы жарақат алды.

Шабуылдаушының ұсталып тергеуге алынғаны білдірілді.

Күдіктінің оқ атқан кезінде айналадағы кейбір азаматтарды да жаралағаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар