Мавритания да Катармен дипломатиялық байланысын үзді

Мавритания ресми хабар агенттігі Катар саяси ұстанымын өзгертпегені себепті дипломатиялық ынтымақтастықты үзгенін жариялады.

747254
Мавритания да Катармен дипломатиялық байланысын үзді

Катармен дипломатиялық ынтымақтастығын үзген елдер қатарына Мавритания да қосылды.

Мавритания ресми хабар агенттігі (AMI) жариялаған хабарда Катардың қазіргі саяси ұстанымын жалғастыруы себепті дипломатиялық ынтымақтастықтың үзілгені атап көрсетілді.

Сыртқы істер министрлігі тарапынан жасалған мәлімдемеде Мавритания Ислам Республикасының әрқашан араб мүдделерін қорғау тақырыбында мықты бір ұстаным ортаға қойғаны білдірілді.

Сауд Арабиясы, Мысыр, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Йемен, Ливия және Мальдивтер алдынғы күні Катармен барлық ынтымақтастығын үзіп, бұл елмен теңіз және әуе шекараларын жапқан болатын.

Катарлық дипломаттарға елдерінен кету үшін 48 сағат, Катар азаматтарына болса 14 күндік мерзім берген еді. Катардың Сауд Арабиясы басшылығында Йеменде хоуситтерге қарсы құрылған Халықаралық коалициядағы қызметінің аяқталғанын атап көрсеткен еді.

Басқа жағынан Иордания, Катармен дипломатиялық ынтымақтастық деңгейін төмендетуге және Әл-Жазира телеарнасының жергілікті офисін жабуға шешім қабылдаған болатын.

Марокко корольдік әуе жолдары болса Катармен дипломатиялық қарым-қатынастарын тоқтатқан елдерге Дохадан жанамалы рейстерін тоқтатты.



Ұқсас жаңалықтар