Иранда қарулы шабуыл

Парламент ғимаратында жеті адамның қаза тапқаны білдірілді.

747260
Иранда қарулы шабуыл

Иранның бас қаласы Тегеранда парламент ғимараты мен Аятолла Хумейни мазары алдында бір уақытта шабуыл болды.

Тасним ақпарат агенттігі парламенттегі шабуылда 7 адамның қаза тапқанын,  4 адамның кепілге алынғанын хабарлады.

Иран баспасөзінде де жарияланған хабарларда бір қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқаны, 7 адамның жарақат алғаны орын алған еді.

Иран баспасөзі 4 шабуылдаушының калашников мылтықтармен парламент ғимаратына кіруге тырысқанын,  қауіпсіздік қызметкерлеріне оқ жаудырғанын білдірді.

Шабуылдаушылардың ұсталғаны және бір ғимаратта қамаулы тұрғандары айтылды.

Иранның ағылшынша хабар тарататын теле арнасы Press Tv болса шабуылдаушылардың бірінің өзін өзі өлтіргенін алға тартты.

Екінші шабуыл болса Иран төңкерісінің символы Аятолла Хумейнидің мазарында болды.  Бір адам төңірекке оқ жаудырды.  Артынан өзін жарып жіберді.  Шабуылда 5 адам жарақат алды.

 



Ұқсас жаңалықтар