Сирия режимі Түрікмен тауына шабуылдарын жалғастыруда

Жергілікті ақпарат көздері режим күштерінің кеше кешкі уақыттан бері оппозицияның бақылауындағы ауылдарды атқылағанын хабарлады.

744485
Сирия режимі Түрікмен тауына шабуылдарын жалғастыруда

Сирияда Башар Асадқа қарасты күштер Лазкийе ауылдық аймағындағы Түрікмен тауы мен Жебел Экрадтағы ауылдарды зымыран және пулеметтермен атқылады.

Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда режим күштері кеше кешкі уақыттан бастап оппозицияның бақылауындағы ауылдарды зеңбірекпен атқылауда.

Түрікмен тауында Зейтинджик, Келез және Караман ауылдарымен Жебел Экрадтағы Киббани және Бедеме ауылы нысанаға алынған шабуылдарда жаралылар бар екені білдірілді.

Аймаққа бағытталған шабуылдар үздіксіз жалғасып жатқанда, жарылыс дауыстары Сирия шекарасындағы Хатайдың Йайладағы ауданынан да естілді.

Асад режимінің 3 күн бұрын Түрікмен тауына жасаған шабуылдарында 1 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар