Климат келісімінен шықты

Жаһандық жылынумен күресті мақсат еткен Париж Климат келісіміне үлкен соққы...

744288
Климат келісімінен шықты

Жаһандық жылынумен күресті мақсат еткен Париж Климат келісіміне үлкен соққы...

Америка Құрама Штаттары жаһандық климат бойынша Париж келісімінен шықты.

Ақ Үйде мәлімдеме жасаған президент Дональд Трамп Климат келісімінің еліне пайдасыз екенін, экономикаға жүк болғанын алға тартты.

Трамп келісімнің климат өзгерісімен емес,  қатысушы елдерге Америка экономикасына қарсы экономикалық артықшылық беруді мақсат еткенін айтты.

«Елім мен азаматтарымды қорғау үшін келісімнен шығамыз» деген Трам әділ бір келісім үшін келіссөзді жалғастыратындарын мәлімдеді.

Сайлау науқаны барысында жаһандық жылынудың «алдау» екенін алға тартқан Дональд Трамп айырықша қоршаған орта мекемелері сынаған көмір өнеркәсібінде жұмысқа орналастыруды арттыруға уәде берген болатын.

2015 жылы Парижде өткен 21-ші БҰҰ Климат өзгерісі тараптар конференциясында бекітілген келісім 2016 жылдың сәуір айында Нью-Йорктағы БҰҰ орталығында 190 ел тарапынан қол қойылған болатын.  Осы елдер қатарында АҚШ, Қытай және Түркия да бар.

Келісімде климат өзгерісінің жағымсыз ықпалдарына қарсы елдердің дайын болуы, «жылыжай» газ шығаруды азайтатын табиғатқа дос және жалғастырыла алатын экономикаларға қолдау беру сынды баптар орын алған. Келісім сонымен бірге көмертек сынды газдардың атмосфераға жіберілуін шектеуді және таза энергия үшін кедей елдерге көмектесуді көздейді. 

АҚШ болса Қытаймен бірге атмосфераға ең көп көмертек сынды газ жіберетін ел болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар