Бразилияда 272 килограмм салмақта зүмірет табылды

Бразилиядағы бір шахтасыда 1,3 метр ұзындығында және 272 килограмм салмағында зүмірет табылды.

738125
Бразилияда 272 килограмм салмақта зүмірет табылды

Бразилияның солтүстік шығысындағы бір кен шахтасынан 1,3 метр ұзындығында және 272 килограмм салмағында зүмірет табылды.

Ұлттық Кен өндіріс басқармасынан Пауло Сантана зүміреттің шамамен 20 күн бұрын Бахия Кен кооперативіндегі кеншілер тарапынан табылғанын жариялады.

Сантана зүміреттің 2001 жылы табылған 300 миллион доллар құнындағы 292 килограмм салмақтағы зүміреттен кейін аймақта табылған ең үлкен асыл тас екенін атап көрсетті.

Сантана зүміреттің құнын білмегендерін, аймақта бір кен иесіне сатылғанын тілге тиек етті.

Аты аталмаған сатып алушының адвокаты болса зүміреттің мұражай мен кітапханаларда көрмеге қойылатынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар