Йеменде тырысқақ өршуінен қаза тапқандар саны 209-ға ұласты

Тырысқақ өршуінен бас қала Санада қазірше 4 мың 500 уақиға тіркелген.

734018
Йеменде тырысқақ өршуінен қаза тапқандар саны 209-ға ұласты

Екі жылдан астам уақыттан азаматтық соғыс жалғасқан Йеменде тырысқақ өршуінен қаза тапқандар саны 186-ға ұласты.

Бас қала Сана 4 мың 500 уақиғамен ауру ең кең тараған жер. Санаға қоса тағы 14 қалада тырысқақ өршуі байқалды.

Ел көлемінде жалпы 17 мың 200 тырысқақ өршуіне шалдыққан адам анықталды. 

БҰҰ Балаларға жәрдем қоры (UNICEF) Йеменде Yemen'de 2 миллион 200 мың баланың азық-түлік тапшылығына назар аударды.

UNICEF тырысқақ өршуінің тарауының балаларға үлкен қауіп төндіргенін атап көрсетті.

Елде соңғы 1 жылда екінші рет тырысқақ өршуі пайда болды.

Сауд Арабиясы қолдау берген үкімет күштері мен Иран қолдау берген Хоуситтер арасындағы қақтығыстарда ауруханалар қирады, миллиондаған адам азық-түлік пен ауыз суына қол жеткізе алмай отыр.

Өтпелі кезеңдегі Йемен үшке бөлініп отыр. Елдің шығысы және орталығы мен Аден және Таизді қамтыған оңтүстік батыс қалалары Абдуллах Мансур Хадидің бақылауында.

Елдің батысы Иран қолдау берген хоуситтерде. Бұл екі топ 2015 жылы наурыз айынан бері қақтығысуда.



Ұқсас жаңалықтар