Пәкістанда опасыз шабуыл

Бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 25 адам қаза тапты.

731217
Пәкістанда опасыз шабуыл

Пәкістанның Белужистан уәлаятына қарасты Мастунг қаласында Сенат төрағасының орынбасары Абдулгафур Хайдаридің керуенін нысанаға алған бомбалы шабуылда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 25 адам қаза тапты, 30-дан астам адам жарақат алды.

Бомба тиелген бір көлікпен жасалған шабуылдың нысанасы болған Хайдари шабуылдан жарақат алмай құтылды.

Шабуыл қатысқан бір іс-шарадан оралған Хайдаридің керуені өткен автожолда жасалды.

Жергілікті теледидарлар, жарылыста көптеген көліктің де сынғанын білдірді.

Шабуылды террор ұйымы ДАИШ мойындады.



Ұқсас жаңалықтар