Ауғанстанда медресеге бомбалы шабуыл жасалды

Шабуылда Перван Ғұламалар Кеңесі төрағасы Мәулеви Абдул Рахим Ханефи мен 7 шәкірті қаза тапты.

728574
Ауғанстанда медресеге бомбалы шабуыл жасалды

Ауғанстанның Перван уәлаятында медресеге жасалған бомбалы шабуылда 8 адам қаза тапты.

Перван полиция директоры Мұхаммад Заман Мамузай бомбаның Перван Ғұламалар Кеңесі төрағасы Мәулеви Абдул Рахим Ханефи отырған орынның астына орналастырылғаны атап көрсетілді.

Мамузай жарылыстың Ханефидің шәкірттеріне сабақ өткен кезде болғанын мәлімдеді.

Мамузай шабуылда Ханефи мен 7 шәкіртінің қаза тапқанын, 6 шәкіртінің де жарақат алғанын білдірді.

Полиция директоры Мамузай шабуылды ресми түрде ешкім мойындамаса да, Талибан ұйымын айыптады.



Ұқсас жаңалықтар