Франциядағы президенттік сайлауда Эммануэль Макрон жеңіске жетті

Шеру қозғалысы басшысы Эммануэль Макрон дауыстардың 66 пайызын жинады.

727731
Франциядағы президенттік сайлауда Эммануэль Макрон жеңіске жетті

Францияда президенттік сайлау сандық қорытындысына қарағанда Эммануэль Макрон елдің жаңа президенті сайланды.

Кеше болып өткен президенттік сайлаудың екінші турында бейресми қорытындыға қарағанда Шеру қозғалысы басшысы Эммануэль Макрон дауыстардың 66 пайызын жинап алды.

Қарсыласы ұлтшыл майданның радикал оңшыл басшысы Марин Ле Пен болса 34 пайызда қалды.

Жеңілісті қабылдаған Ле Пен Макронға телефон шалып құттықтады.

Жеңісін жариялаған Макрон қалың жұртқа үн қатып өзіне дауыс бергендерге алғысын білдірді және Франция үшін жұмыстанатынын мәлімдеді.

Эммануэль Макрон Францияны қайта біріктіретінін атап, «Бізді бөлшектейтін нәрселерге қарсы күресемін» деді.

Макрон Франция мен Еуроодақты жақтайтынын атап көрсетті.

39 жасар Эммануэль Макрон нақты қорытындының жариялануымен елдің ең жас президенті атағын алады.



Ұқсас жаңалықтар