АҚШ ұзақ қашықтықты баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді

«Minuteman 3» атты құрлық аралық балистикалық зымыран 6 мың 759 шақырым қашықтықтағы нысананы дәлдеп алды.

724944
АҚШ ұзақ қашықтықты баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді

Америка Құрама Штаттары ұзақ қашықтықты баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді.

Әуе күштері жаһандық шабуыл қолбасшылығы Калифорния штатындағы Ванденбург әскери әуе базасынан  «Minuteman 3» атты құрлық аралық балистикалық зымыранын қарусыз түрде сынақтан өткізгенін жариялады.

Мәлімдемеде зымыранның 6 мың 759 шақырым қашықтықтағы нысананы дәлдегені атап көрсетілді.

Елдің ядролық күшінің бір бөлшегі болған сынақ АҚШ-тың қару жүйесінің соғысқа дайындығы мен қабілетін сынау мақсатты 10 айдан бері жоспарланатын.

АҚШ-тың қашықтығы 12 мың 874 мың шақырымға ұласатын 450-ге таяу осындай баллистикалық зымыранға ие екені белгілі.



Ұқсас жаңалықтар