АҚШ әскери лауазымдысы жаңылысып ПКК-ға қолдау береміз деді

ДАИШ-ке қарсы коалиция күштері мәлімдемешісі телеконференцияда орынсыз сөз қолданды.

725755
АҚШ әскери лауазымдысы жаңылысып ПКК-ға қолдау береміз деді

ДАИШ-ке қарсы коалиция күштері мәлімдемешісінің орынсыз «ПКК» әңгімесі.

Террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы коалиция күштері мәлімдемешісі американдық полковник Джон Дорриан Сирияның Ракка қаласына бағытталған операцияда жоспары үшін қолдау берілген топтардың бірінің бөлшектеуші террор ұйымы ПКК екенін айтты.

Дорриан Ирактың бас қаласы Бағдаттан телеконференция жүйесімен байланысқан АҚШ Қорғаныс министрлігінде журналисттердің Ракка операциясына қатысты сұрақтарға жауап қайтарды.

Доррианның бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы PYD мен қарулы тобы YPG жайлы айтқысы келген сөзді «ПКК Сирияда Америка Құрама Штаттары қолдау берген топтың бір бөлігі» деуі назар аударды.

Доррианның сөздерінің дәл артынан бір журналисттің «Жаңылыспасам ПКК АҚШ қолдау берген күштерден бірі дедіңіз, нақтылау үшін сұраймын» деген сұрағына коалиция мәлімдемешісі «Солай айттым ба екен? YPG деп едім» деп сөзін өзгертті.

Мәлімдемеші Дорриан Түркияның ДАИШ-пен күрестегі үлесінің аса маңызды екенін атап, Дабык сияқты ДАИШ үшін аса маңызды бір жердің Түркия тарапынан кері қайтарылғанын тілге тиек етті. Дорриан «ДАИШ-пен күресте НАТО одақтасымыз Түркия қосқан үлес өте құнды» деді.



Ұқсас жаңалықтар