АҚШ азаматтарына ескерту жасады

Еуропаға баратындарға абай болу айтылды.

723879
АҚШ азаматтарына ескерту жасады

АҚШ Еуропаға баратын азаматтарына ескерту жасады.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің жазбаша хабарламасында Еуропа елдерінің терроризмге қарсы күресіне қарамастан түрлі шабуылдар болуы мүмкін екені айтылды.

Хабарламада: «Франция, Ресей, Швеция және Ұлыбританияда болған шабуылдар экстремистік ДАИШ, Әл Кайда және басқа да топтардың Еуропа көлемінде теракт жоспарлап, жасай алатындарын көрсетті» деп айтылды.

Хабарламада бұл ескертудің 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жарамды екені де атап көрсетілді. Әсіресе туристер көп баратын аймақтар,  қатынас желілері,  сауда орталықтары мен мемлекеттік мекемелердің шабуылдарға нысана болуы мүмкін екені айтылып,  жаз айларында абай болу керектігі атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар