Францияда президенттік сайлауы өтіп жатыр

Францияда кеше президенттік сайлаудың бірінші туры өтті.

718882
Францияда президенттік сайлауы өтіп жатыр

Францияда кеше президенттік сайлаудың бірінші туры өтті. «Ұлттық фронт» жетекшісі Марин Ле Пен мен «Алға» қозғалысының кандидаты Эммануэль Макрон екінші турда жарысатын болды.

Ешбір үміткер президент болып сайлануы үшін бірінші турда қажетті болған 50 пайыздан көп дауысты ала алмады.

Бірінші турдың нәтижесіне қарағанда «Алға» қозғалысының кандидаты Эммануэль Макрон  23,7 пайыз дауыс алып бірінші болды. Ал  «Ұлттық фронт» жетекшісі Марин Ле Пен 21,7 пайыз дауыспен екінші орынды  иеледі.

Орталық оңшыл Республикашыл партиясы үміткері мен ұшқары солшыл үміткерлері 19,5 пайыз дауыс алды.

Бесінші республика президенті атану үшін сайлаудың бірінші турында 11 кандидат таласқа түсті. Жергілікті азаматтар да мемлекет басшысын таңдауда белсенділік танытқан.

Мемлекетте алғаш рет орталық оңшыл мен орталық солшыл екі үлкен партия екінші турға шыға алмады. 



Ұқсас жаңалықтар