Ресей Солтүстік Корея шекарасына әскер қоныстандыруда

Ресей армиясынның Владивостоктан жолға шыққан 3 бөлек пойызбен аймаққа әскер мен танк жібергені ортаға шықты.

717685
Ресей Солтүстік Корея шекарасына әскер қоныстандыруда

Ресейдің шығуы ықтимал бір АҚШ-Солтүстік Корея соғысына қарсы шара ретінде шекараға әскери жасақтар қоныстандырғаны ортаға шықты.

Азанда ортаға шыққан көріністерде Ресейдің Солтүстік Кореямен арасындағы 11 мил ұзындығындағы шекарасын әскери жасақтар және құрал-саймандармен күшейткені байқалады.

Аймақтан алынған алғашқы фотосуреттерде Владивостоктан жолға шыққан 3 пойыздың мыңдаған әскер және танкпен аймаққа жылжығаны байқалады.

«Daily Mail»-дің хабарына қарағанда Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамптың Ким Чен Ын әкімшілігіне әскери бір операция жасаған жағдайда шекарадан босқын ағымының басталатынына алаңдайды.

Солтүстік Корея шекарасына Қытайдың да 150 мың әскер жіберуінен бірнеше күннен кейін Ресейдің бұл әрекеті назар аударды.

Пекин әкімшілігі бір соғыс шыққан жағдайда шекараларының бұзылуына алаңдайды.

Қытай болса ресми газеттердің бірі ретінде «Global Times» арқылы Вашингтонды сынға алды.

Коммунистік партиясының ресми газеті «Шындық осы! АҚШ армиясы және президент Трамп жасанды хабар таратты. Күдіксіз АҚШ тарихындағы сирек кездесетін жанжалдардың бірі ретінде Трамптың абыройына көлеңке түсті» деді.

Вашингтон одақтасы Оңтүстік Кореяда болса үлкен бір өкініш пен наразылық бар.

«Carl Vinson» өтірігі басты тақырыбымен оқырмандарының алдына шыққан газеттер Трамптың әрекетін Солтүстік Кореяның өтірік зымыран сынақтарына ұқсатты.

Солтүстік Кореяның зымыран сынақтарына наразылық ретінде 8 сәуір күні АҚШ өткірлік пен болмысын көрсету мақсатты «USS Carl Vinson» ұшақ кемесіне Тынық мұхиттың батысына бағытталуға бұйрық берген, бірақ кеменің толығымен кері бағытта жүзгені ортаға шықты.



Ұқсас жаңалықтар