Францияда террор шабуылы

Шанз-Элизедегі шабуылды ДАИШ террор ұйымы мойындады.

717523
Францияда террор шабуылы

Францияның бас қаласы Париждің ең маңызды даңғылдарының бірі Шанз-Элизеде полицияға жасалған шабуылда 1 полиция қаза тапты, 2 полиция жарақат алды.

Шабуылды ДАИШ террор ұйымы мойындады.

Ішкі істер министрлігі мәлімдемешісі Пиэр-Генри Брандет шабуылдаушының көлігін тоқтатқан соң автоматпен бір полиция көлігіне шабуылдап, ішіндегі полицияның қаза табуына себеп болғанын атап айтты.

Күдіктінің кейін қашып жатқанда тағы екі полицияға шабуылдағанын атап көрсеткен Брандет қауіпсіздік күштерімен қақтығысқан шабуылдаушының өлтірілгенін жариялады.

Франция президенті Франсуа Олланд болса премьер-министр Бернар Казневпен Елисей сарайындағы жиналыстың артынан баспасөзге жасаған мәлімдемеде полицияға жасалған шабуылдың террормен байланысты екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар