Коалиция күштерінің шабуылында 10 бейбіт адам қаза тапты

Сирияның шығысында ДАИШ-тің бақылауындағы ауданға жасалған әуе шабуылында 10 бейбіт адам қаза тапты.

715301
Коалиция күштерінің шабуылында 10 бейбіт адам қаза тапты

Оппозиционерлерге қарағанда әуе шабуылы АҚШ басшылығындағы коалиция күштеріне қарасты соғыс ұшақтары тарапынан жасалды.

Орталығы Ұлыбритания болған Сирия Адам құқықтары орталығы жасаған мәлімдемеге қарағанда әуе шабуылы Букемал ауданын нысанаға алды.

Шабуылда қаза тапқан бейбіт адамдар арасында әйел мен балалар да бар. Әуе шабуылында ДАИШ-тік 3 террористтің өлтірілгені білдірілді.

Оппозиционерлер шабуылда кем дегенде 4 ғимараттың жермен-жексен болғанын, көптеген адамның да жарақат алғанын білдірді.

Әуе шабуылының артынан ДАИШ-тің аймақты қоршауға алуы және барлық байланысты үзуі себепті нақты мағлұматтарға қол жеткізіле алмай отыр.

Басқа жағынан Сирияның Түркия шекарасында оппозиционерлердің бақылауындағы Идлиб пен Халеб қалаларына жасалған әуе шабуылдарында көпшілігі бала барлығы 15 бейбіт адам қаза тапты.

Оппозиционерлер шабуылды орыс ұшақтарының вакуум бомбасы қолданумен жасағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар