Ресей АҚШ жасаған шабуылға наразылық көрсетті

Ресей Сирияда әуе қауіпсіздігі келісімін тоқтатқанын жариялады.

707891
Ресей АҚШ жасаған шабуылға наразылық көрсетті

Америка Құрама Штаттарының Сирияға операциясының артынан Ресей Сириядағы әуе қауіпсіздігі келісімін тоқтатқанын жариялады.

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде АҚШ-тың Сириядағы Шарят әуе базасын бомбалауы «санасыздық» деп бағалады.

Министрлік АҚШ-пен қол қойылған Сириядағы Әуе қауіпсіздігі келісімін тоқтатқандарын мәлімдеді.

Аталмыш келісім екі елдің ұшақтарының Сирия әуе кеңістігінде одақ мүшелерінің бір-бірімен бетпе-бет келмеуі үшін жасалған болатын.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін жедел түрде жиналысқа шақырған Ресей Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың операциясымен байланысты қауесеттер алға тартты.

Мәлімдемеде «АҚШ-тың Сирия шабуылының Идлибте жасалғаны алға тартылған химиялық шабуыл алдында жоспарланғаны өте ашық ортада» делінді.



Ұқсас жаңалықтар