Мосулдағы әуе шабуылында 50 террорист өлтірілді

Ирактың Мосул қаласына жасалған әуе шабуылында ДАИШ-тік 50 террорист өлтірілді.

705097
Мосулдағы әуе шабуылында 50 террорист өлтірілді

Ирак әуе күштеріне қарасты ұшақтар қаладағы ДАИШ нысандарын бомбалады.

Операцияда бір танк пен ұйымға тиесілі ғимараттар жойылды.

Ирак күштерінің Мосулдың батысын ДАИШ-тен азат ету үшін 19 ақпан күні бастаған операциялар аясында қазірге дейін көптеген көше бақылауға алынды.

Аймақтағы ең үлкен мәселе болса артып отырған бейбіт адам шығындары.

Мосулдың батысында ДАИШ-ке қарсы жүргізілген операциялардың бейбіт адамдарға қауіп төндіргені  себебімен АҚШ-тың ұсынысының бағаланғаны білдірілді.

Сирияда болса Асад режиміне тиесілі соғыс ұшақтары бас қала Дамасктың оппозицияның бақылауындағы Шығыс Гута аймағына әуе шабуылдары ұйымдастырылды, Дума мен Санкада 22 адам қаза тапты.

Көпшілігі әйел және бала жаралылардың жылжымалы ауруханаларға апарылғаны білдірілді.

Йеменде болса АҚШ-тың соғыс ұшақтары 28 ақпан күнінен бері Әл-каидаға бағыттап 70-ден астам әуе шабуылы жасады.



Ұқсас жаңалықтар