Александр Вучич Сербиядағы президенттік сайлауда жеңіске жетті

Бейресми қорытындыға қарағанда Вучич дауыстардың 55 пайызын жинап, жеңіске жетті.

704316
Александр Вучич Сербиядағы президенттік сайлауда жеңіске жетті

Сербиядағы президенттік сайлаудың бейресми қорытындысының жариялануымен премьер-министр Александр Вучич жеңісін жариялады.

Дауыстар толығымен санаққа алынбаса да бейресми қорытындыға қарағанда Александр Вучич дауыстардың көпшілігін жинап, жеңіске жетті.

Вучич 55 пайыздан көп дауыс жинап, алғашқы турда жеңіске жетті.

Александр Вучич ресми қорытынды жарияланбай тұрғанда жасаған мәлімдемеде «Азаматтардың маған деген сенімі абырой берді» деді.

Бұл қорытындыға қарағанда Сербия халқы елдің бір жақтан Ресей және Қытаймен жақсы ынтымақтастықтың жалғастырылуын, бір жақтан болса Еуроодақтың бір үзігі болуды қалағанын көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар