Еврейлер жаңа қоныс құрады

Жаңа қоныстың орны Қауіпсіздік кабинеті тарапынан бекітілді.

703181
Еврейлер жаңа қоныс құрады

Израиль шамамен 25 жылдан кейін бірінші рет басқыншылық астындағы Батыс Шерияда жаға еврей қонысын құрады.

Израиль премьер-министрлік кеңсесінің хабарламасына қарағанда жаңа қоныстың орны Қауіпсіздік кабинеті тарапынан бекітілді.

Батыс Шерияның солтүстігінде салынатын қоныста өткен ай жабылған Амона еврей елді мекенінің тұрғындары қоныстандырылады.

Жарияланған жаңа қоныс 1993 жылғы Осло келісімінен бері құрылатын жаңа еврей елді мекені болмақ.

Израиль әкімшілігі Ослодан бері басқыншылық астындағы Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимдегі еврей елді мекендерін әрдайым кеңейтіп отыр, алайда жаңасын құрмаған еді.

Израильдың басқыншылығы астындағы Батыс Шерияда шамамен 400 мың,  Шығыс Иерусалимде 200 мың еврей қоныстанушы бар.

Халықаралық құқыққа қарағанда бұл жерлердегі еврей елді мекендері заңсыз деп есептеледі.



Ұқсас жаңалықтар