Израиль полициясы палестиналық әйелді өлтірді

Израиль полициясы Шығыс Иерусалимде палестиналық бір әйелді «пышақпен шабуылдады» деген қауесетпен өлтірді.

702342
Израиль полициясы палестиналық әйелді өлтірді

Израиль полиция мәлімдемешісі Мики Розенфельд жасаған жазбаша  мәлімдемеде Шығыс Иерусалимнің қорғандармен қоршаулы бұрынғы қала аймағының Дамаск қақпасы алдында бір әйелдің полицияларға пышақпен шабуылдағаны алға тартылды.

Оқиға орнындағы полицияның өзін қорғау үшін атып өлтіргені атап көрсетілген мәлімдемеде Израиль күштерінен ешкімге зиян келмегені атап көрсетілді.

Жергілікті ақпарат көздері қаза тапқан әйелдің 49 жасар Сихам Ратеб Нимир екенін атап көрсетті.

Оқиғаның артынан Израиль полициясының қоршауға алғаны және мәйіттің қасына қысқа уақыт ешкімді жақындатпағаны байқалды.

Шығыс Иерусалим және Батыс Шерия 1967 жылдан бері Израильдің басқыншылығында.

Израиль күштері кейде «шабуыл жасағанын алға тартып» палестиналықтарды атуда.

Адам құқықтары ұйымдары Израиль күштерін «көшенің ортасында соттамай жазалаумен» айыптауда.



Ұқсас жаңалықтар