Оңтүстік Африкада ұшақ апаты

Оңтүстік Африка елдерінен Мозамбик және Зимбабве шекарасындағы апатта 6 адам қаза тапты.

700444
Оңтүстік Африкада ұшақ апаты

Оңтүстік Африка елдерінен Мозамбик және Зимбабве шекарасы маңында шағын моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Құлаған ұшақтағы 6 адам қаза тапты.

Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда Мозамбиктің порт қаласы Бейрадан Зимбабвенің бас қаласы Харареге ұшқан ұшақта 2 экипаж бен 4 жолаушы бар болатын.

Мозамбик Полиция басқармасы директоры Гелиндо Вумбука апаттың Мозамбик маңындағы таулы алаңда болғанын атап, «Ұшақтың таулық аймақтағы қалың тұманға бола құлағанын ойлаймыз» деді.

Апатта қаза тапқан 6 адамның мейіттері тікұшақпен Зимбабве Матуре ауруханасына әкелінді.



Ұқсас жаңалықтар