Пентагон Кари Ясиннің өлтіргенін жариялады

АҚШ Қорғаныс министрлігі Әл-каида басшыларының бірі Кари Ясиннің өлтірілгенін жариялады.

699896
Пентагон Кари Ясиннің өлтіргенін жариялады

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігі (Пентагон) 19 наурыз күні Ауғанстанға жасалған әуе операциясымен Әл-каида басшыларының бірі Кари Ясиннің өлтірілгенін жариялады.

Пентагоннан жасалған жазбаша мәлімдемеде Пактика уәлаятына жасалған шабуылда өлтірілген Ясиннің 2008 жылы Пәкістанның бас қаласы Исламабадта 2 АҚШ әскері қаза тапқан бір қонақүй шабуылы мен 2009 жылы Шри-Ланка крикет командасына бағытталған шабуылға жауапты екені атап көрсетілді.

АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Маттис тақырыппен байланысты мәлімдемесінде «Кари Ясиннің өлтірілуі бейбіт адамдарды нысанаға алған террористтердің әділеттен қаша алмайтынын дәлелдейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар