Болгариядағы сайлау

Парламентке бес саяси партия кірді.

699721
Болгариядағы сайлау

Болгарияда мерзімінен ерте болған кешегі жалпыхалықтық сайлауда 5 саяси партия 4 пайыз бөгетінен асып,  парламентке кірді.

Орталық сайлау комиссиясы дауыстардың 95 пайызының саналғанын мәлімдеді.

Сайлауға сайлаушылардың 51 пайызы қатысты. Бейресми қорытындыға қарағанда бұрынғы премьер-министр Бойко Борисовтың басшылығындағы Болгарияның Еуропалық дамуы үшін отандастар партиясы дауыстың 32,55 пайызын жинады.

Бұрынғы Коммунистік партияның жалғасы болып табылатын Болгария Социалистік партиясы 27,02 пайыз дауыспен елдегі екінші партия атанды.

Нәсілшіл және асыра ұлтшыл партияларды бір шаңыраққа жинаған Бірлескен Отан сүйгіштер болса 9,12 пайыз дауыс алып, үшінші болды.

Мүшелерінің көбін түрік азаматтар құрайтын Хақ пен еркіндіктер қозғалысы да 8,94 пайызбен парламенттегі орнын сақтады.

Болгарияда түрік және мұсылман азаматтардан дауыс алуды күткен Жауапкершілік, еркіндік және кішіпейілдік үшін демократтар DOST партиясының Еркіндік пен абырой халық партиясымен құрған DOST одағы болса парламентке кіре алмады.

Осы арада Болгария орталық сайлау комитетінің дауыс қолдану басталатын кезде Еуропа Одағы тысындағы елдерде дауыс қолданатындардың сандық басында кирилл әріптерімен арыз жазуын шарт қылуы мыңдаған сайлаушының наразылығына себеп болды.



Ұқсас жаңалықтар