Қытай БҰҰ келіссөзіне қатыспайды

Қытай «Ядролық қаруларға тыйым салу» келіссөз жиналысына қатыспайтынын мәлімдеді.

695229
Қытай БҰҰ келіссөзіне қатыспайды

Қытай «Ядролық қаруларға тыйым салу» келіссөз жиналысына қатыспайтынын мәлімдеді.

Қытай сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Хуа Чунинг Пекиндегі баспасөз брифингінде келісімнің тараптарымен арада өткен диалогтан кейін биылғы жиынға қатыспауға шешім қабылдағандарын білдірді.

Хуа ядролық қаруларға ауқымды түрде тыйым салу және жаппай жойылуын қолдайтындарын атап көрсетті.

Ядролық қарусыздану мақсатына бір күнде жетудің де мүмкін еместігін атап көрсеткен Хуа осы мақсаттың орындалуы үшін жаһандық стратегиялық тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікті кепілге алатындай сатылап алға басу керектігін айтты.

«Келіссөз жиналысына қатыспасақ та,  ядролық қаруларға тыйым салу және жаппай жою бағытындағы нақты ұстанымымыз өзгермейді» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар