"Мосул операциясының артынан әскер санын азайтамыз"

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибади кейбір бұқаралық ақпарат құралына мәлімдеме жасады.

693436
"Мосул операциясының артынан әскер санын азайтамыз"

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибади еліндегі АҚШ басшылығындағы халықаралық коалиция күштері әскер санын Мосулды ДАИШ-тен азат ету операциясының артынан азаятынын жариялады.

Ибади кейбір бұқаралық ақпарат құралына жасаған мәлімдемеде ДАИШ-тің 2014 жылы 10 маусым күні Мосулды басып алуының артынан сол кездегі премьер-министр Әл-Маликидің АҚШ күштерін Иракқа қайта шақырғанын еске салып, «Қазіргі үкімет болса бұл террормен күресті халықаралық деңгейге көтерді. Мұны (террормен күресті) кеңейтіп, одан да нығайттық» деді.

Сондай-ақ көмектескісі келген көптеген елге шекараларын ашқандарын атап көрсеткен Ибади «Нинова (Мосул) соғысында әсіресе Нинованың батысына жасалған операциямен бірге әскери күш саны артып шыңға ұласты. Операцияның артынан бұл санды азайтамыз» деді.

Ирак премьер-министрі елінде 5 мың әскері бар АҚШ-тан армия мүшелері мен жергілікті полиция күштерін одан жақсы жаттықтыруын талап етті.

Халықаралық коалиция күштерімен байланысты ынтымақтастықтың өте табысты екеніне назар аударған Ибади «Ортақтығымыз арқасында ДАИШ пен барлық террористтерді жоюымыз керек. Осы үшін де барлау тақырыбында ортақ қозғалуымыз шарт. Біздің логистикалық қолдауға да қажеттілігіміз бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар