«Батыс Балкан алтылығы» саммиті Сараевода болып өтті

Саммитке Босния-Герцеговина, Сербия, Косово, Албания, Македония және Черногория премьер-министрлері қатысты.

693475
«Батыс Балкан алтылығы» саммиті Сараевода болып өтті

Босния-Герцеговинаның бас қаласы Сараевода «Батыс Балкан алтылығы» атымен Балкандар үшін маңызды бір саммит ұйымдастырылды.

Босния-Герцеговина Мәжілісіндегі саммитке Босния-Герцеговина кеңесі төрағасы Денис Звиздич, Сербия премьер-министрі Александр Вучич, Косово премьер-министрі Иса Мұстафа, Албания премьер-министрі Эди Рама, Македония премьер-министр Эмил Дмитриев, Черногория премьер-министр Дуско Марковичке қоса, Еуроодақ Комиссиясы көршілік және дамуға жауапты келіссөздерге жауапты мүшесі Йоханнес Хан мен Италия Сыртқы істер министрі Анджелино Альфано да қатысты.

Саммитте аймақтың экономикалық жетілуіне назар аударғандарын атап көрсеткен Хан Батыс Балканда «ортақ экономикалық нарық» құру тақырыбын қолға алғандарын атап көрсетті.

Еуроодақ мүшелік кезеңі болса үстелдегі ең маңызды тақырыптардың бірі еді.

Македония, Сербия, Черногория және Албания Еуроодаққа мүше мемлекеттер.

Босния-Герцеговина мен Косово болса ресми түрде «үміткер мемлекеттер» тізімінде орын алады.

Мемлекеттер 12 шілде күні үміткерлік кезеңін бағалау үшін Италияда басқосады.



Ұқсас жаңалықтар