Барада алқабындағы су бұлағын Сирия режимі ластаған

БҰҰ Халықаралық тәуелсіз Сирия зерттеу комиссиясы Сириядағы адам құқықтары тапшылығы рапортын ұсынды.

691693
Барада алқабындағы су бұлағын Сирия режимі ластаған

БҰҰ Башар Асад режиміне қарасты соғыс ұшақтарының желтоқсан айында Сирияның астанасы Дамасктың Барада алқабындағы «Ayn el-Fica» бұлағын (су бұлағы) «мақсатты түрде» бомбалап, соғыс қылмысы жасағанын жариялады.

БҰҰ Халықаралық тәуелсіз Сирия зерттеу комиссиясының 21 шілде-28 ақпан арасында Сириядағы адам құқықтары тапшылығы қауесеттері себепті жүргізілген тергеуді қамтыған жаңа рапортты БҰҰ Женева офисінде жалғасқан Адам құқықтары кеңесінің 34-ші отырысына ұсынды.

Рапорт комиссияның Сирияға қатысты тергеу аясында 326 адаммен жасаған кездесулер, барлық тараптардың тексерілуі және жасалған адам құқықтары тапшылығымен соғыс қылмыстары негізге алынып, дайындалды.

Рапортқа қарағанда режимге қарасты соғыс ұшақтары желтоқсан айында Ayn el-Fica бұлағын «мақсатты түрде» бомбалап, Дамаскта 5,5 миллион адамды сусыз қалдырған.

Комиссияның зерттеуіне қарағанда Дамасктың су резервтеріндегі зиянға «кем дегенде екі соғыс ұшағы» себеп болды.

Режим әуе күштерінің шабуылдары алдында бейбіт халықтың кезкелген су тапшылығы жайлы ақпарат бермегені атап көрсетілген рапортта бұл шабуылдың «соғыс қылмысы» екеніне назар аударылған.

Режим күштерінің «оппозиционерлердің суды ластағаны» қауесеттерінің де шындыққа жатпағаны атап көрсетілген рапортта «Керісінше әңгімелескен Барада алқабы тұрғындары бомбалау басталған 23 желтоқсанға дейін суды қолданғандарын және судың ластанғанын көрсеткен бір белгі көрмегендерін білдіреді» делінген.

Режим күштері 27 желтоқсан күні Дамасктың Барада алқабындағы Ayn el-Fica бұлағына шабуылдап, сол жердегі қоймаларға зиян келтірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар