Асад күштері бейбіт тұрғындарға шабуылдады

Астанада Сирия тақырыпты келіссөздер жалғасып жатқанда, режим күштері шабуылдарын жалғастырды.

691922
Асад күштері бейбіт тұрғындарға шабуылдады

Сирияның солтүстік батысындағы Идлиб қаласына режим күштері жасаған әуе шабуылында 11 бейбіт адам қаза тапты, 13 адам жарақат алды.

Қазақстанның Астана қаласында Сирия тақырыпты келіссөздер жалғасып жатқанда, режим күштерінің бейбіт тұрғындарға бағытталған шабуылдары жалғасуда.

Идлибтегі азаматтық қорғаныс лауазымдыларының бірі Яхия Ардже Асад режиміне қарасты бір соғыс ұшағының Идлибтің Кусур аймағындағы тұрғын аймаққа вакуумды бомбамен шабуылдағанын атап көрсетті.

Шабуылда 11 жазықсыз адамның қаза тапқанын, 13 адамның жарақат алғанын атап көрсеткен Ардже «Азаматтық қорғаныс топтары шабуылдың артынан құлаған ғимараттардың үйінділері астында қалған 3 жанұяны іздеу құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Жаралылар қаладағы жылжымалы ауруханаларға жеткізілді, дегенмен араларында ауыр күйде болғандар бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар