Иран "Ормуз 2" баллистикалық зыманын сынақтан өткізді

Генерал майор Хаджызаде "Ормуз 2" баллистикалық зымыран сынағының бірнеше күн бұрын сынақтан өткізілгенін білдірді.

688667
Иран "Ормуз 2" баллистикалық зыманын сынақтан өткізді

Иран «Ормуз 2» атты баллистикалық зымыранын табысты түрде сынақтан өткізгенін алға тартты.

Тесним хабар агенттігіне қарағанда Иран Төңкеріс сарбаздары Авиация-Ғарыш күштері қолбасшысы генерал майор Әмір Али Хаджызаде тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

Генерал майор Хаджызаде "Ормуз 2" баллистикалық зымыран сынағының бірнеше күн бұрын сынақтан өткізілгенін білдірді.

Хаджызаде зымыранның 250 шақырым қашықтықтағы нысананы жойғанын атап айтты.

Ормуз 2 баллистикалық зымыранының бір теңіз зымыраны екенін атап көрсеткен Хаджызаде зымыранның жылжымалы нысандарды жоя алғанын және 300 шақырым қашықтыққа дейін ықпалды екенін атап көрсетті.

Иран өткен айдың ішінде зымыран сынағы өткізгені үшін АҚШ Тегеран әкімшілігіне нота берген болатын.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен Иранның ядролық тұмсық тасымалдау күші бар баллистикалық зымыран жетілдіруіне тыйым салынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар