Ирак премьер-министрі бірлік болуға шақырды

Абади елде түрлі саяси партияларға қарасты барлық күштерді «ұлттық шаңырақ» астында жиналуға шақырды.

687313
Ирак премьер-министрі бірлік болуға шақырды

Ирак премьер-министрі Хайдар Әл Абади елде түрлі саяси партияларға қарасты барлық күштерді «ұлттық шаңырақ» астында жиналуға шақырды.

Абади Сүлеймание Америка Университеті тарапынан ұйымдастырылған форумға қатысып, «Қауіпсіздік күштерін ұлттық шаңырақ астына жиналуға шақырамын. Саяси партияларға қарасты қауіпсіздік күштер болмауы керек.  Күрд азамат та осы күштің өзін қорғайтынын білуі керек.  Жақында бірігуіміз керек» деді.

Мосулды құтқару үшін Ирак Күрд аймақтық әкімшілігіне қарасты күштермен ынтымақтастықтарын еске салған Абади «Бұдан бұрын Ирактық күштер мен күрд күштер арасында қақтығыс болса,  бүгін пешмергамен бірге күресудеміз» деді.

Ирак премьер-министрі террорлық ұйым ДАИШ-тің елге 35 миллиард доллар зиян шектіргенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар