Трамптың жарлығын сотқа береді

Гавайи штаты президент Дональд Трамптың алты ел азаматтарына виза шектемесін сотқа береді.

686895
Трамптың жарлығын сотқа береді

Америка Құрама Штаттарының Гавайи штаты президент Дональд Трамптың алты ел азаматтарына виза шектемесін сотқа береді.

Гавайилік адвокаттар Трамптың көбіне мұсылмандар тұратын 6 ел азаматтарына виза берілмеуін көздейтін жарлығының күшіне енбеуі үшін федералдық сотқа арыз беруге дайындалуда.

CNN арнасына мәлімдеме жасаған адвокаттардың бірі Neal Katyal жаңа жарлықтың да конституциялық проблемалары бар екенін айтты.

Трамптың осы жарлығына байланысты Ақ Үй шектеме келтірілген елдердің Иран, Сирия, Сомали, Судан, Йемен және Ливия екенін білдірген болатын айырықша АҚШ 4 ай мерзімге ешбір елден босқын қабылдамайды.



Ұқсас жаңалықтар