"Азық-түлік, дәрігер, су мен сүт жібересіз бе?"

Сириялық 7 жасар Бана Ұлыбритания премьер-министрі Мэйге хат жолдады.

686310
"Азық-түлік, дәрігер, су мен сүт жібересіз бе?"
may1.jpg
Bana Alabed.jpg

Сирияның Алеппо қаласындағы оқиғаларды әлеуметтік медиа арқылы әлемге паш еткен Бана Алабед Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйге хат жолдап, елдегі балаларды ұмытпауын талап етті.

Хатын твиттер арқылы жариялаған 7 жасар Бана хатты шешесінің көмегімен жазғанын атап, Сирия халқына жәрдем ізденісінде екенін атап көрсетті.

Бана хатында «(Сирия халқына) Азық-түлік, дәрігер, су мен сүт жібересіз бе? Аштықтан әлсіреп, дүниеге көз жұмған балаларды көрдіңіз бе? Мен оларды көрдім. Егер азық-түлік қамтамасыз етілсе, олар өмір сүре алады. Бірақ ешкім оларға қамқорлық жасамайды. Қатты қиналамын. Азық-түлік және дәрі-дәрмек жіберу тақырыбында маған уәде бер. Оларды ұмытпа!» деді.

Бана бұдан бұрын да Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Дональд Трампқа шақыруын қамтыған бір хат жолдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар