Мосул қаласында 16 бейбіт адам қаза тапты

Адам құқықтары активисті Локман Өмер эт-Тай Мосулдың батысында көпшілігі әйел мен бала 16 бейбіт адамның қаза тапқанын атап көрсетті.

685207
Мосул қаласында 16 бейбіт адам қаза тапты

Ирактың Мосул қаласында үкіметке қарасты армия жасақтарымен террор ұйымы ДАИШ мүшелері арасында шыққан қақтығыстарда 16 бейбіт адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды.

Адам құқықтары активисті Локман Өмер эт-Тай Мосулдың батысындағы Неби Шит аумағында жалғасқан қақтығыстар мен әуе шабуылдарында қаза тапқандардың көпшілігінің әйел мен бала екенін білдірді.

Тай Неби Шиттің Мосулды ДАИШ-тен азат ету операциясы аясында армия ілгерілеген алғашқы аумақтар арасында орын алғанын атап көрсетті.

Ирак полициясынан бір лауазымды болса Неби Шит және Эд-Деннен аумақтарында ілгерілеуге тырысқандарын атап, үкімет ғимараттарының маңында орын алған Эд-Девасе даңғылы айналасында болса ДАИШ мүшелерімен қарқынды қақтығыстар болып жатқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар