Йеменде тырысқақ індеті

Тырысқақ індетінен 103 адам қайтыс болды.

684140
Йеменде тырысқақ індеті

Азаматтық соғыспен арпалысып жатқан Йеменде тырысқақ індетінен 103 адам қайтыс болды.

Әлемдік Денсаулық ұйымының деректеріне қарағанда 22 қаланың 15-і осы індетке берілді. Күдікті оқиға саны 21 мың 790-нан асты.

Ұйым індетпен күресіп жатқан Йеменге 8 тонна медициналық материал жолдады.

ЮНИСЕФ болса Нигерия,  Сомали, Оңтүстік Судан және Йеменде шамамен бір жарым миллион баланың тырысқақ салдарынан өліммен бетпе-бет екенін ескертті.

Осы арада БҰҰ Әлемдік Азық-түлік бағдарламасы 6 ай ішінде 20 миллион адамның тапшылық және құрғақшылықтан туындаған эпидемиялар салдарынан қайтыс болуы мүмкін екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар