Ресей және сириялық оппозиционерлер Женевада бас қосты

Орыс делегациясына Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Геннадий Гатилов басшылық жасады.

682922
Ресей және сириялық оппозиционерлер Женевада бас қосты

Швейцарияның Женева қаласында жалғасқан Сирия келіссөздері аясында орыс және сириялық оппозиционерлер бас қосты.

Орыс делегациясына Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Геннадий Гатилов басшылық жасады.

Бас қосудың артынан орыс баспасөзіне мәлімдеме жасаған Гатилов «Астанада өтетін келесі келіссөздердің қорытындысына қарап, Женевадағы Сирия келіссөздерін 20 наурыз күніне дейін жалғастыруымыз мүмкін» деді.

Гатилов Ресейдің қақтығысқан тараптар арасында өзара тікелей келіссөздер жүргізу керектігін мәлімдеді.

Келіссөздердің 7-ші күнінде оппозиционерлермен екінші рет әңгімелескен БҰҰ Сирия арнайы өкілі Саффан де Мистура болса келіссөздерде қол жеткізілген жетістіктерді мақтады.



Ұқсас жаңалықтар