Асад режимі напалм бомбаларымен ауыл тұрғындарына шабуылдады

Асад режимі Хареста ауданындағы бейбіт тұрғындарға отшашар напалм бомбасымен шабуылдады.

679138
Асад режимі напалм бомбаларымен ауыл тұрғындарына шабуылдады

Сирияда Башар Асад режимі елдегі соғысқа шешім ізденісі үшін Швецияның Женева қаласындағы келіссөздердің жалғасқанына қарамастан оппозицияға шабуылдарын жалғастыруда.

Елдің оңтүстік батысындағы Дера қаласында оппозицияның бақылауындағы аймаққа бағытталған әуе шабуылында 10 адам қаза тапты, 39 адам жарақат алды.

Асад режимі Хареста ауданындағы бейбіт тұрғындарға отшашар напалм бомбасымен шабуылдады.

Шабуылда көптеген адам жарақат алып, напалм бомбалары құлаған ғимараттар өртенді және материалды зиян келді.

Режим күштері 19 ақпан күнгі зымыран шабуылы жасаған және оппозицияның бақылауындағы Кабун аумағы тұрғыны шамамен 3 мың жанұя да Дамасктың шығысындағы Хареста ауданын паналаған еді.

БҰҰ Сирия арнайы өкілі Мистура Ресейдің Башар Асад режимінен Женева келіссөздері аяқталғанша әуе шабуылдарының тоқтатылуын талап еткенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар