АҚШ Сирияда қауіпсіз аймақ құрады

АҚШ Сирияда қауіпсіз аймақ тақырыбында жұмыстарын жалғастырғанын айтты.

679039
АҚШ Сирияда қауіпсіз аймақ құрады

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Сирия үшін талай жылдан бері ұсынған «қауіпсіз аймақ» жобасы  АҚШ әкімшілігінің де күн тәртібінде.

Америка Құрама Штаттары Сирияда қауіпсіз аймақ тақырыбында жұмыстарын жалғастырғанын айтты.

Ақүй мәлімдемешісі Шон Спайсер күнделікті баспасөз мәслихатында АҚШ Президенті Дональд Трамп және командасының Сирияда қауіпсіз аймақ жөніндегі жұмыстарының жалғасқанын білдірді.

Спайсер Сирияның Эль-Баб қаласының террор ұйымы ДАИШ-тің қолынан құтқарылғанын ескер салған бір журналисттің «Президенттің көргісі келген осындай бір қауіпсіз аймақ па?» деген сұраққа былай жауап берді: «Қазір қауіпсіз аймақтың географиясын белгілеген жоқпыз. Президент әрі қаржының, әрі қалай жасалатыны жөнінде әлем лидерлерінің көзқарастарын алғысы келеді».

Спайсер таяуда қатысты органдардың дайындықтарының тамамдалуымен осы жөнінде қажетті мәлімдеме жасайтындарын баяндады.

         


Этикеттер: #АҚШ , #Ақүй , #Шон Спайсер

Ұқсас жаңалықтар