Ресейдің БҰҰ тұрақты өкілі Виталий Чуркин дүниеден озды

Ресей Сыртқы істер министрлігі тұрақты өкілдің Нью-Йоркте дүниеге көз жұмғанын мәлімдеді.

676579
Ресейдің БҰҰ тұрақты өкілі Виталий Чуркин дүниеден озды

Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) тұрақты өкілі Виталий Чуркин дүниеге көз жұмды.

Ресей Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде 21 ақпан күні дүниеге келген Чуркиннің туған күнінен 1 күн бұрын 64 жаста дүниеден озғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Нью-Йоркте дүниеге көз жұмған Чуркиннің жанұясына көңіл айтылды.

Виталий Чуркин Нью-Йоркте 2006 жылы 8 сәуір күнінен бері Ресейдің БҰҰ тұрақты өкілі міндетін атқаратын.



Ұқсас жаңалықтар