АҚШ Қорғаныс министрі Иракқа барады

АҚШ Қорғаныс министрлігі Джеймс Маттистің Ирак сапары жайлы мәлімдеме жасады.

676069
АҚШ Қорғаныс министрі Иракқа барады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қорғаныс министрі Джеймс Маттис Ирактың бас қаласы Бағдатқа барады.

Ирак Қорғаныс министрлігі ақпарат көздері Маттистің Бағдат сапары Мосулдың батыс жағын ДАИШ террор ұйымынан азат ету үшін басталған операцияның екінші күнінде жүзеге асуы назар аударды.

Министрлік ақпарат көздері Маттистің Ирак премьер-министрі Хайдар Әл-Ибадимен бас қосатынын және ДАИШ-пен күрес тақырыбын қолға алатынын атап көрсетті.

АҚШ-тың Иракта жалпы 6 мың әскері бар.

Ирактың Мосул қаласын террор ұйымы ДАИШ-тен тазалау үшін 17 қазан күні Ирак армиясы бастаған және Башика лагерінде түрік әскері жаттықтырған Нинова сарбаздары да қатысқан операцияға АҚШ басшылығындағы коалиция күштері де қолдау беруді.

2 жылдық үзілістің артынан ДАИШ террор ұйымының бақылауындағы қалаларға операция жасаған Ирак арнайы жасақтары ілгерілеуде.



Ұқсас жаңалықтар