Талибан 52 бейбіт адамды еркін жіберді

Талибан Джүзджан уәлаятында 2 күн бұрын алып қашқан 52 бейбіт адамды еркін жібергенін жариялады.

674673
Талибан 52 бейбіт адамды еркін жіберді

Ауғанстанның солтүстігіндегі Джүзджан уәлаятында 2 күн бұрын Талибан алып қашқан 52 бейбіт адам еркін жіберілді.

Джүзджан губернаторы Реза Гафури араларында диқандар да бар 52 бейбіт адамның қоғам басшыларының бітімгерлігімен еркін жіберілгенін білдірді.

Еркін жіберілгендердің денсаулық жағдайларының жақсы екенін атап көрсеткен Гафури Талибан содырларының жазықсыз адамдарды алып қашу себебін білмегендерін атап көрсетті.

Талибан болса бейбіт адамдарды жер мәселесі себепті туындаған дағдарыс себепті алып қашқанын мәлімдеді.

Талибан 2 күн бұрын Чехл-Банд пен Чари-Сай аймақтарындағы жерлерін көруге барған араларында диқандар да бар 52 бейбіт адамды алып қашқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар